Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 ақпан 2024

139

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛАЛ ӨНІМДЕР РЕСЕЙДЕ

«QMDB Halal» стандартына сай сертификатталған «Мирахметов» шұжық цехы, «Сайрам нан» кондитерлік өнімдері, «Unitea» шәй өнімдері Ресей мұсылмандары діни басқармасы «Халал сертификаттау орталығының» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Үздік халал өнім» байқауына қатысуда.

«Үздік халал өнім» байқауында үміткер ретінде танылған отандық  кәсіпорындар ұйымдастырушылар мен тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, үздік нәтиже көрсетті.

«Бұл – отандық халал өнімді шет елге танытудың, экспортты жетілдірудің, әріптестік пен келісімді нығайтудың бір жолы. Біздің өніміміз – табиғилығы мен сапасы, тіл үйірер дәмі мен құрамының тазалығы жағынан ресейлік тұтынушылардың көңілінен шықты. Алдағы уақытта сауда алаңымызды кеңейтіп, алыс-жақын шет елдерге өз өнімдерімізді тасымалдауды қолға алатын боламыз», – деген қатысушы кәсіпорындар  «QMDB Halal» сертификаты жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанын жеткізді.

Бөлісу: