Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 ақпан 2024

289

Жаңалықтар

«B LOVE» КОСМЕТИКАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

«B Love» сауда белгісімен шығарылатын косметика өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Діни басқармаға арнайы келген кәсіпорын өкілдеріне «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал сертификатын табыстады.

«Тұтынушылар косметикалық өнім сатып аларда көбіне сауда маркасы мен бағасына ғана қарап жатады. Алайда, асқазанымызға түскен астың ғана емес, күнделікті қолданатын, дене күтіміне арналған косметикалық өнімдердің құрамына назар аударған маңызды. Себебі, олардың құрамында адам денсаулығына зиянды, шариғат бойынша тыйым салынған қоспалар кездесуі әбден мүмкін. Сондықтан, адал кәсіпті дамытып, халал индустриясын арттыруға қосып жатқан үлестеріңізге Алла разы болсын», – деді А.Асқарбекұлы.

«B Love» косметикалық өнімдерін дайындауда қолданылатын шикізаттар мен қоспалар лабороториялық сынақтан өткізіліп, өндіріс аумағында ревизорлық бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, «B Love» сауда белгісімен шығарылатын 21 түрлі косметикалық өнім «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.

«B Love» косметикалық өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 07.02.2024-06.02.2025жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 118Б.



Бөлісу: