Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 маусым 2021

671

Жаңалықтар

"BAHANDI" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы қаласындағы "BAHANDI" фаст-фуд өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. "Abulkhair Partners" кәсіпорнына тиесілі "Bahandi" фаст-фуд өндерінің 38 сауда нүктесі "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды. 

Уақыттың тығыздығы мен өмір ағысының жылдамдығына қарай адамдар да тез тамақтануды әдетке айналдырған. Сондықтан да болар фаст-фуд өнімдері көпшілікке таңсық ас емес, керісінше уақыт тапшылығына қарамастан, тез дайындалатын тағамдардың бірі. Егер сіз жылдам қарқынмен жүруге дағдыланған болсаңыз, "Bahandi" фаст-фуд дәмханасы қарапайым, бірақ құнарлы, шариғат және халал стандарт талаптарына сай тағамдарды қол жетімді бағамен ұсынады. Кәсіпорын өндірісі мен өнімдері технолог мамандар тарапынан тексеріліп, лабороториялцқ сынақтан өткізілді. Басшылықтың тікелей қатысуымен ревизорлық бақылау шаралары жүргізілді.

"Bahandi" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB HALAL" сертификаты 15.06.2021-14.06.2022 мерзімі аралағында жарамды. Халал өніммен дәм татуға асыққан қала қонақтарымен тұрғындарын Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 241 мекен-жайы бойынша күтеді.


Бөлісу: