Бас мүфти «QMDB Halal» сертификатын табыстады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жасаған сапарында халал өнімдер өндіретін кәсіпорын жетекшілері мен шариғат жолы бойынша мал бауыздау семинарына қатысқан қасапшыға ҚМДБ сертификатын табыстады.
«Аллаға шүкір, қазір халық тарапынан халал өнімдерге деген сұраныс күн санап артуда. Діни басқарма өз мүмкіндігі аясында халықтың халал өнімді тұтынуына қолайлы жағдай жасауда. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды ұдайы жалғастыра береміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.