«БАТЫС ФУД» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы «Батыс фуд» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттар «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Кәсіпорынның өндіріс аумағында «Халал Дамудың» мамандары бірнеше мәрте бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, тағамдық қоспаларына зертханалық сынама орындалды. Сертификаттау шараларының оң нәтижесіненк кейін, «Батыс фуд» өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.
«Батыс фуд» жартылай фабрикаттарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 31.07.2024-30.07.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Арынов көшесі, 1/10.