Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қараша 2021

88

Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 13 кәсіпорын тексерілді

«Халал Даму» басшылығы мен мамандарының Батыс Қазақстан облысындағы арнайы іс сапары барысында өңірдегі «QMDB Halal» сертификатын алған 13 кәсіпорын тексерілді. Кезектен тыс бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы технолог Айжан Омарова мен жергілікті бақылаушы маман Асхат Асылбеков орындады орындады.

«Адал ас – ұлттық, елдік мәселе. Сол себепті «халал өнім», «халал стандарт», «халал кәсіпорын» мәселерін республикалық, халықаралық деңгейде көтеріп, еліміздің әр өңірінде ай сайын басшылықтың және мамандардың тікелей қатысуымен өткізілетін аудит шараларын қолға алдық. «Халал Даму» мамандары Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық-Құс» құс фабрикасы, «Ет өнімі» шұжық цехы, «Белес-Агро», «Батыс-Нық», «Nefis food», «Колбасы приуралья» секілді 13 кәсіпорын өндірісі мен өніміне бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Өнімдердің өндірілуі, өңделуі, дайындалуынан бастап барлық процесс сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына деген сенімділігі үшін өткізіліп отырған шара. Ислам діні – таза дін. Қай мәселе тұрғысынан қарасаң да, ең алдымен тазалық бірінші орында тұрады. Сондықтан тазалық тұрғысынан алғанда «халал» өнім өндіретін өндіріс пен өнімді тұтынушыға жеткізетін сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талабына лайықты болуы керек. Батыс өңірдегі аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен әйел жамағатына, кәсіпорын қызметкерлеріне арналып оқу-семинары ұйымдастырылды» – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: