
«BAUYRDAQ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қостанай қаласындағы «Bauyrdaq» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дәмхана қызметі мен өнімдері «Қоғамдық тамақтану қызметтері» стандартына сай деп танылып, «Халал Дамудың» жергілікті маманы Алишер Балахмет дәмхана өкіліне халал сертификатын табыстады.
Технолог мамандар «Bauyrdaq» дәмханасында тиісті аудит шараларын жүргізіп, мекеме қызметкерлеріне халал стандарты талаптары мен ережелерін түсіндіріп, оқу-семинар өткізді.
«Bauyrdaq» дәмханасының мекен-жайы: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 156.