Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 қараша 2021

42

Жаңалықтар

БҚО: «Ет өнімі» шұжық цехы тексерілді

«Халал Даму» делегациясының БҚО бағытталған іс сапары барысында Орал қаласындағы «Ет өнімі» шұжық цехы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Айжан Омарова, жергілікті инспектор-контолер Асхат Асылбеков орындады.

«Ет өнімі» кәсіпорны Орал қаласындағы бірегей шұжық цехтарының бірі. Кәсіпорынның түрлі өнімі кәсіпорнының «Ет -Байрам»,«Ас-Төре», «Керемет» сауда белгісімен шығарылады. Тағамдық қоспалары мен өзге де шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексеріліп және зертханалық сынақтан өткізілген. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі қадағаланды. Басшылықтың тікелей қатысуымен жүргізілген тексеріс барысында стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Өнім өндірудің барлық кезеңі шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай», – деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: