«БЕЛЕС-АГРО» КӘСІПОРНЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысындағы ұн және макорон өндірісімен айналысатын «Белес-Агро» кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Батыс өңірге іс-сапары барысында аталған кәіпорында аудит жұмыстары жүргізіліп, тексерістің оң нәтижесінен кейін халал сертификаты табысталды.
«Белес-Агро» ұн өңдеу және ұн өнімдерін өндіру комбинаты батыс өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Бір мезетте 40 000 тонна бидай қорын сақтап, ұн өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын неміс және швейцарлық өндіріс құрылғыларымен жабдықталған. Отандық өнімнің халал талаптарына сай сертификатталуы – жергілікті халық үшін де аса маңызды. Аталған кәсіпорынның 10 түрлі ұны, 14 түрі жоғары сұрыпты макорон өнімдері, 5 түрлі нан және тоқаш өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.