Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қаңтар 2025

217

Жаңалықтар

«БИЖАН» ЕТ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА АУДИТ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Жансая Есіркеген Алматы қаласындағы «Бижан» ет өңдеу зауытында айлық аудит жұмыстарын орындады. Аудит барысында өндіріс цехтары, шикізат қоймалары және дайын өнімдерді сақтау орындары тексеріліп, халал стандарттарының сақталуы бақылауға алынды.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өндіріс процесінде бекітілген халал стандарттың толықтай орындалуы назарға алынды. Зауыт басшылығымен кездесуде өнім сапасын арттыру және халал сертификаттау талаптарын қатаң сақтау мәселелері көтерілді.

Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорынға бірқатар ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта стандарттарға сәйкестікті одан әрі нығайту бағытында жұмыстар жалғасатыны айтылды.

Бөлісу: