Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 шілде 2025

36

Жаңалықтар

БҚО: АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Тексеру барысында өндіріс орындарының халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты сараланды. Әр мекемеде құжаттамалар, шикізаттың шығу тегі, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, өндірістік процестер мен соңғы өнімнің сапасы мұқият тексерілді.

Анықталған кейбір ескертулер бойынша кәсіп иелеріне түзету шараларын қабылдау туралы ұсыныстар берілді. Ал халал талаптарын толықтай сақтаған кәсіпорындарға қайта куәландыру және сертификат мерзімін ұзарту бойынша шешім қабылданды.

Аудит қорытындысы бойынша Гүлмира Маратқызы: «Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар халал талаптарын сақтау жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бақылау жұмыстары бұдан әрі де тұрақты түрде жалғасатын болады», – деп атап өтті.

«Халал Даму» мамандары тарапынан түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары да ұйымдастырылды.

Бөлісу: