Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 ақпан 2024

113

Жаңалықтар

БҚО: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» өкілі Асхат Асылбеков Орал қалалық орталық мешітінде қасапшыларға арналған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында семинар өткізді. 

«Қасиетті Құранда «Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал харам қылынды. Және буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал харам …», – делінеді. Малды Алла Тағала адам рызығы үшін жаратқан десек те, оның өзінше бауыздау тәртібі, міндеттері бар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды, сондықтан, малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар», — деген сөзі бар. Қазақ «тауық сойса да қасапшы сойсын» деген. Бір көзбен қарағанда мал сою – оңай іс секілді. Алайда, көпшілік мән бере бермейтін, шариғатымызда бекітілген, халал стандартымызда нақтыланған мал бауыздаудың өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар», – деген маманымыз, халал стандартына сай мал союдың талап-тәртіптерін кеңінен түсіндірді.


Бөлісу: