БҚО: «Ет өнімі» сертификатталды
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен БҚО бойынша өкіл Асылбеков Асхат «Ет өнімі» ЖШС шұжық өндірісіне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Ет өнімі» кәсіпорны Орал қаласындағы бірегей шұжық цехтарының бірі. Кәсіпорынның түрлі өнімі кәсіпорнының «Ет -Байрам»,«Ас-Төре», «Керемет» сауда белгісімен шығарылады. Тағамдық қоспалары мен өзге де шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексеріліп және зертханалық сынақтан өткізілген. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі қадағаланды. Басшылықтың тікелей қатысуымен жүргізілген тексеріс барысында стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Өнім өндірудің барлық кезеңі шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай», – деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.