БҚО: “Халал Даму” бағытында дәріс өтті
«Халал Дамудың» БҚО бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков Орал облыстық орталық мешітінде халал туралы арнайы дәріс өткізді.
Семинар барысында, күнделікті қолданып жүрген азық-түлігіміз бен өзге де тұрмыстық заттарыдың тазалығы мен адалдығына аса мән беру керектігі туралы айтылды. Сонымен қатар халал сертификатын берудегі мақсат пен оның маңызын түсіндіре келе сертификат алудың шарттары айтылып өтті. Оған қоса, мал мен құс өнімдерін алуда ескеруге тиіс жайттар жайында айта келе, мұсылман баласы астың адалдығына мән бермесе құлшылық пен дұғаның қабыл болуына зияны тиетінін аят пен хадистер аясында түсіндірме жұмыстары өтті.