Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 ақпан 2024

116

Жаңалықтар

БҚО: «HAPPY CAKE» КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков «Happy cake» кондитерлік цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өткізді.

«Аталған кәсіпорын аумағында жүргізілген аудит нәтижесі – оң. Өндіріс барысында қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалар барлығы халал стандарты талаптарына сай және санитарлық тазалық та жақсы сақталған. Сонымен қатар, тексеріс соңында кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде семинар өткізілді. Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды», – дейді жауапты маманымыз.

Бөлісу: