Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қараша 2022

92

Жаңалықтар

БҚО: Имамдарға дәріс оқылды

Халал стандарттары бойынша білімді жетілдіру мақсатында имамдарға "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Асхат Асылбеков дәріс оқыды.

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың  ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, халал өнімдер дайындау технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары,  рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары ашып айтылды.

Семинар барысында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп,  аудандық жерлерде «ҚМДБ халал» стандартына сай қызмет көрсететін асханалар мен өзге де кәсіпорындар санын арттыруды тапсырды.


Бөлісу: