Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 қараша 2022

92

Жаңалықтар

БҚО: әйелдер жамағатына семинар өткізілді

«Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы және жергілікті инспектор-контролер Асылбеков Асхаттың қатысуымен әйел жамағатына арналған семинар өткізілді.

“Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Жалпы тұтынушыларға шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызын,талабын түсіндіру сіз бен біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың  біліміміз бен түсінігіміздің болуы шарт”, – деген Айжан Қалмаханқызықатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәселелердің шешімін табу жолдарын түсіндірді.

Бөлісу: