Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 қыркүйек 2024

688

Жаңалықтар

БҚО: КӘСІПОРЫНДАРДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Дамудың» Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков пен технолог Ақмаржан Ержанқызы өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. 

 «Аудит барысында «Жайық ет» құс фабриксы, «Ет өнімі», «Колбасный цех Приуралья» шұжық цехтары, «Happy cake», «Динара тәттілері», «Hani» кондитерлік цехтары, «Маида», «Zhan cafe», «Макс Плов», «Navat», «Miras tower», «All off burger» т.б өңірдегі барлық кәсіпорындар тексерілді. Тексеріс барысында өндіріс кезеңдерінде бекітілген халал стандарты талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізіліп, сұрақтарына жауап берілді. Аудит қорытындысы бойынша, кәсіпорындар қызметі мен өнімдерінде халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Кәсіпорын өнімдері толықтай «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.


Бөлісу: