БҚО: кәсіпорындарда тексеріс жүруде
«Халал Даму» мамандарының Орал қаласына бағытталған іс сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі қадағаланды. Кезекті айлық аудит жұмыстарын «Халал Даму» технологы Айжан Омарова мен жергілікті инспектор-контролер Асылбеков Асхат орындады.
Батыс Қазақстан облысында«Колбасы Приуралья» ЖК шұжық өндірісі, «Балкаймак.кз» ЖШС жартылай фабрикаттары, «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері, «Пойма Май Комбинаты» ЖШС май өндірісі және Miras Tower дәмханасы тексерілді.
Тексеріс барысында өңірдегі қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілерінің өндіріс процессі қадағаланды. «Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Халал кәсіпорындар мен сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талаптарын сақтауы тиіс. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өнідірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық» – деп хабарлайды Айжан Қалмаханова.