БҚО: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» Батыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына халал жөнінде оқу-семинар ұйымдастырылды. Семинарды халалдың жергілікті өкілі Асхат Асылбеков өткізді.
«Халал – Алла Тағаланың бекіткен талабы. Сондықтан дінді ұстанған кез-келген мұсылман халалдың мәселесіне ерекше көңіл бөлуі қажет. Әрбір ішкен асымыз – дұғамыздың қабыл болуы, ұрпағымыздың ізгі болуы, өміріміздің бекерелі болуына бастайтын негізгі себептердің бірі», – деген жауапты өкіліміз жамағатқа халал турасында кеңінен түсіндіріп, толғандырған түйткілді сұрақтарына жауап берді.