Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 наурыз 2024

121

Жаңалықтар

БҚО: РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облысындағы мешіт имамдарына «Рамазан айына дайындық» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков ораза кезінде халал асты тұтынудың маңызы жөнінде дәріс оқыды. 

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша Рамазан айында мешіт асханаларында өткізілетін ауызашарларда және мешіт тарапынан таратылатын Рамазан қораптарында сертификатталған халал өнімдерді қолдану мәселесі түсіндіріліп, халал өнімді қолдану мен таратудың маңызы, халал астың оразаға тигізер пайдасы, харамның зияны талқыланды», дейді өкіліміз.

Бөлісу: