Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 қараша 2023

195

Жаңалықтар

БҚО: ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы халал стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда кезекті тексеріс жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Мейіржан Бауыржанұлы мен жергілікті өкіл Асхат Асылбеков орындады.

«Жоспарлы тексеріс барысында өңірдегі барлық кәсіпорындар түгелдей тексерілді. «Халал Даму» бақылауындағы тамақтану орындары, фаст-фуд өндірісі, кондитерлік және шұжық цехтары, құс фабрикасы т.б өндіріс орындары, шалғайдағы үлкенді-кішілі кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Тексеріс қорытындысы оң, бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Сонымен қатар, «Happy cake» кондитерлік өнімдері, «Redmoon sushi» фаст-фуд дәмханасы, «Algys Food» ет дүкені, «Батыс адал ет» қасапханасы, «Батыс халал ет» ет дүкеніне «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – деп хабарлайды маманымыз.

Айта кетейік, еліміздің батыс өңірінде басталған жоспарлы аудит жұмыстары бүгін Атырау облысында жалғасуда.



Бөлісу: