Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қараша 2021

56

Жаңалықтар

БҚО: «Адал ас – жанға дауа, тәнге – шипа» кәсіпкерлер мен имамдарға арналған семинар

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Батыс Қазақстан облысындағы іс сапары барысында «QMDB Halal» сертификатымен өнім өндіруші кәсіпорын басшылары және облыс имамдарының қатысуымен «Адал ас – жанға дауа, тәнге – шипа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы, «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Омарова, жергілікті инспектор-контролер Асхат Асылбеков қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлерге халалдың маңыздылығын насихаттау, халал стандартқа сай өнім өндіру, халал кәсіпорындар санын арттыру мәселесі көтерілді. Жиын барысында халал өнімнің пайдасы, «QMDB Halal» сертификатын алу талаптары, халал стандартқа өтудің жолдары, халал өнімдерді жарнамалау мәселелері көтеріліп, нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, халал өнім өндіру технологиясының басты ерекшеліктері, Е тағамдық қоспалар, халал өнімнің пайдасы мен артықшылықтары жөнінде дәріс өткізді. Семинар соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы кәсіпкерлерді халал, табиғи, экологиялық таза өнім өндіруге, халал индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды.

Бөлісу: