Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қараша 2021

105

Жаңалықтар

БҚО: «Белес-Агро» ұн және макорон өндірісі тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Батыс Қазақстан облысындағы аудит шаралары өңірдегі ұн және макорон өндірісімен айналысатын «Белес-Агро» кәсіпорнында жалғасты. Кәсіпорынның бекітілген халал стандарты талаптарына сай өнім өндіру, сәйкестікті қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер Асхат Асылбеков орындады.

«Белес-Агро» ұн өңдеу және ұн өнімдерін өндіру комбинаты батыс өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Бір мезетте 40 000 тонна бидай қорын сақтап, ұн өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын неміс және швейцарлық өндіріс құрылғыларымен жабдықталған. Бүгінгі бақылау барысында кәсіпорында халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: