Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 наурыз 2022

48

Жаңалықтар

БҚО: Мешіт асханалары сертификатталды

Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық және Бәйтерек аудандық мешіт асханалары мен «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков табыстады.

Аталған тамақтану орындары «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Адалдың белгісі «халал» таңбасын ең алдымен еліміздегі мешіт асханалары иеленуі тиіс. Өзгенің емес, алдымен өзіміздің халыққа ұсынатын асымыз бен қызметіміздің халал стандарты талаптарына сәйкестендірген жағдайда ғана өзгеден адалдықты талап ете аламыз. Мешіт асханаларында «қонақ асы» беретін халыққа астың адалдығына асқан ұқыптылықпен қарауға бағыт-бағдар беруіміз тиіс»,- деген Бақытжан Құралбайұлы облыстағы барлық ірілі-ұсақты мешіт асханаларын түгелдей дерлік халал стандарты талаптарына сәйкестендіру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екендігін жеткізді.


Бөлісу: