Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 мамыр 2022

62

Жаңалықтар

БҚО өкілі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында

«Халал Дамудың»  Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткізілген дөңгелек үстел отырысына қатысты. Облыстың әкімшілік апараты, кәсіпкерлер, бизнес орталық басшысы және ішкі саясат мамандары жиылған басқосуда «Халал Даму» мекемесінің қызметі мен бағыты, халал сертификаттаудың маңызы мен ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, жергілікті ауылшаруашылығы құс және мал еті өнімдері мен өндірісін халал талаптарына сәйкестендіру,  тұтынушылар сұранысын отандық өніммен толықтай қамтамасыз ету,  қалалық жерлердегі халал қоғамдық тамақтану орындары санын арттыу мәселелерін көтеріліп,  кәсіпкерлерді халал индустриясын дамытуға шақырды. 

Жиын соңында қатысушыларға «Muftyat»  баспасынан жарық көрген «Халал - шариғат талабы»  анықтамалық құралы тарту етілді.

Бөлісу: