09 қаңтар 2021

79

Жаңалықтар

"ButWin" ет және жартылай фабрикат өнімдері сертификатталды

**Алматы қаласындағы «ButWin» ет өнімдерін өңдеу, өндіру және жартылай фабрикат дайындаушы кәсіпорын «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Чадаев Маратхан «ButWin» кәсіпорнының өндіріс аймағында бақылау-қадағалау шараларын өткізіп, кәсіби технолог мамандардың қатысуымен «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Мамандардың тыңғылықты орындалған жұмыс нәтижесінен кейін «ButWin» кәсіпорны «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау,сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы халал стандарт» талаптары бойынша сертификатталып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. «ButWin» кәсіпорнына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі:11.11.2020-10.11.2021

Бөлісу: