«Chef star» кафесінде семинар өткізілді
Алматы қаласындағы «Chef star»кафесінің қызметкерлеріне жергілікті өкіл Маратхан Мұхтарханұлы мен технолог Әселхан Сыдық біліктілікті арттыру оқу-семинарын өткізді.
Семинар барысында қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын халал стандарт талаптары, техникалық ерекшеліктері, қызметкерлердің санитарлық тазалықпен қоса, шариғат талаптарын сақтай отырып ас әзірлеуі, ай сайын бақылаушы мамандар тарапынан қадағалануы секілді маңызды мәселелер түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын жұмысы мен қызметкерлер біліктілігін арттыру мақсатында өткізілетін мұндай семинарлар ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.