«Chef’s restaurant» тамақтану орны «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды
Ақтау қаласындағы «KaspiFood» ЖК-не қарасты «Chef’s restaurant» тамақтану мекемесі халал сертификатына ие болды.
Аталмыш тамақтану орнының халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.
«Chef’s restaurant» мекемесіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 02.09.2022 – 01.09.2023.
«Chef’s restaurant» мекен-жайы: Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 33 үй.