«DEZ» ҰНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Еліміздің астықты аймағы солтүстік өңірде шығарылатын «DEZ» бидай ұны «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты облыстың жауапты өкілі Мақсат Аманжолов табыстады.
«Ұн өндірісі –ауыл шаруашылығының негізгі саласы, себебі ұн күнделікті өмірде маңызды орын алатын базалық азық-түліктердің бірі. Тағам технологиясының дамыған кезеңінде қарапайым ұнның өзіне небір қоспалар қосылып, алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырап, табиғи құндылығын жоғалтып жатады. Осы орайда, пайдасын сақтай отырып, зияннан қайтару мақсатында жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін халал стандарты бойынша сертификаттау қолға алынды. «Халал Даму» мамандарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде «Dez» ұны «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Ұнның құрамы кәсіби мамандар тарапынан толығымен тексерілді», — дейді өкіліміз.