«Два пельменя» жартылай фабрикаттар цехы тексерілді
«Халал Даму» мамандарының Қарағанды облысына іс сапары барысында өңірдегі барлық кәсіпорындар тексерілуде. Бүгін, технолог Айзат Ермекқызы «Два пельменя» жартылай фабрикаттар дайындаушы цехта кезекті аудит шараларын жүргізді.
Тексеріс барысында өнімнің халал талаптарына сай дайындалуы, шикізаттар мен тағамдық қоспалардың шариғатқа сай болуы, дұрыс тасымалдануы, сенімді көздерден жеткізілуі қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалығы мен қызметкерлердің де халал талаптарын орындауы назарға алынды. Тексеріс қорытындысы оң.