Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 тамыз 2024

620

Жаңалықтар

ЕҢ ІРІ ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Беккер и К» шұжық цехы сертификатталды. Қазақстан мұсылмандарын діни басқармасына арнайы келген кәсіпорын директоры Алмас Рахманұлына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Беккер и К» – шұжық, ет, ұн, кондитерлік, аспаздық өнімдер және жартылай фабрикаттар дайындау бойынша еліміздегі жетекші өндіріс орындардың бірі. Кәсіпорын 1991 жылы құрылған. Қазіргі таңда Астана, Алматы секілді ірі мегаполистерде 14 супермаркет, 18 фирмалық дүкендері бар. Аталған кәсіпорында мамандарымыз 9 айға жуық аудит жұмыстарын орындап, өнімдеріне лабораториялық зерттеу жүргізілді. Атқарылған шаралардың оң қорытындысынан кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

«Беккер и К» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.08.2024-25.08.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, А.Розыбакиев көшесі, 95.

Бөлісу: