«ЭМИЛЬ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Еліміздегі ең ірі сүт өнімдерін өндіруші «Эмиль» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Отандық ірі кәсіпорынның халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткеніне қуаныштымыз. Бұл – халық игілігі, халалдың тұтынушылары үшін атқарылған игі іс. Бүгін, бірнеше айға созылған сертификаттау шаралары өз мәресіне жетіп, сертификат табыстап отырмыз. Алла кәсіптеріңізге береке берсін! «Эмильдің» халыққа берер халал өнімі таусылмасын!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына ризашылығын білдірді.
«Эмиль» 1993 жылы құрылған сүт өнімдерін өңдеу және өндірумен айналысатын 30 жылдық тарихы бар ірі кәсіпорын. Сүт, қаймақ, айран, ірімшік, май секілді 120-дан астам өнім түрлері сертификатталды. Кәсіпорын көлемі ауқымды және өнім түрлері мол болғандықтан сертификаттау жұмыстары бірнеше айға созылды. Мамандар тарапынан бірнеше мәрте аудит жұмыстары орындалып, қажетті өнімдері лабораториялық сынамадан өткізілді. Барлық атқарылған шаралар оң нәтиже көрсетті», – деп хабарлайды жауапты технолог Мейіржан Бауыржанұлы.
«Эмиль» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 23.05.2024-22.05.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 5.