Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 ақпан 2025

151

Жаңалықтар

«ЭМИЛЬ» СҮТ ФАБРИКАСЫНДА ТЕКСЕРІС

«Эмиль» сүт фабрикасында да аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы орындады.

Халал стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру барысында өндірістік цехтар, шикізат пен дайын өнімдер қоймалары, зертханасы және сүт өңдеу процестері жан-жақты қадағаланды. Сонымен қатар, қызметкерлердің халал талаптарын сақтау деңгейі мен өндірісте қолданылатын қоспалардың құрамы тексерілді. Сондай-ақ, аудит барысында кәсіпорында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, құрал-жабдықтардың тазалығы мен шикізаттың сапасы мұқият тексерілді. Технологиялық процестер мен өнімдерді сақтау шарттары да назардан тыс қалмады.

Аудит қорытындысы бойынша, «Эмиль» сүт фабрикасының өнімдері халал стандартының негізгі талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Дегенмен, технолог мамандар халал стандарттарын одан әрі жетілдіру жөнінде кеңестер ұсынды.

Бөлісу: