«FRESH HOUSE» СҮТ ӨНДІРІСІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысындағы «Fresh House» сүт өндірісі кәсіпорны сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков сертификаттау жұмыстарының оң қорытындысынан кейін, кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Fresh House» сүт зауыты жергілікті қала тұрғындарын ғана емес, жақын маңайдағы ауыл-аймақтарды да сүт өнімдерімен қамтып отыр. Өзге сүт зауыттарынан дайын өнімдерінің сапасымен ерекешеленеді. Сертификаттау барысында өндіріс орны тексеріліп, шикізаттары зертханада сынақтан өткізілді. Санитарлық тазалығы да қадағаланып, зауыт қызметкерлеріне халал стандарты талаптары жөнінде семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.
«Fresh House» сүт зауытына берілген «QMDB Halal» сертификаты 27.03.2024-26.03.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, «КазМИС» ШҚҚ, 2940