ГЕМАТОГЕН ХАЛАЛ МА?!
Гематогенді 19 ғасырдың соңында Швейцарияда ойлап тапқан. Ол ірі қара мал мен жұмыртқа сарысының қоспасынан әзірленген, формасы сұйық тағамдық қоспа еді. Кейін өндірушілер тұтынуға ыңғайлы болу үшін оның пішінін өзгертіп, қазіргідей қатты күйде шығарып бастайды.
Қазіргі таңда, гематоген бұл – негізі ірі қара малдың қанынан алынады. Бірақ гематоген қаптамасынан «қан» деген сөзі ешқашан таппайсыз. Қаптамада «тағамдық альбумин» деген атпен қан белоктары ғана жазылады. Сонымен қатар, гематоген құрамына жануар тектес майлар қосылады. Себебі, гематоген құрамындағы қоспалар майда ғана ериді.
Гематогеннің 5%- н қан (тағамдық альбумин), 30% -ы қант қосылған қою сүт, сондай-ақ дәмін жақсарту үшін дәл осы мөлшерде крахмал, ванилин, аскорбин қышқылы, бал және құмшекер қосылады. Яғни, іс жүзінде, гематоген – бұл көп бөлігі қанттан тұратын тағамдық десерт.
Не себепті «гематогенді» тұтынбаған абзал:
- Біріншіден, гематогеннің құрамы аз мөлшерде болса да, қаннан тұратындықтан тұтынуға болмайды. Себебі Құранда «Қан, өлексе және шошқа еті сендерге харам етілді» (Маида сүресі, 3 аят) деп анық көрсетілген;
- Екіншіден, гематогеннің құрамындағы жануар майы. Ол қандай жануардың майы? Шариғатта рұқсат етілген жануар майы ма әлде доңыз майы ма, әлде өлексенің майы екені белгісіз.
Сондықтан құрамында қан және өзге де күмәнді қоспалар болмаған өнімдерді тұтынуды ұсынамыз. Және де кез-келген фармацевтикалық өнімді тұтынар алдын дәрігермен ақылдасып, қажетті анализдерді тапсыру керек.