«Gippo» және «Назик и К» кәсіпорындары тексерілді
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Маратхан Мұхтарханұлы мен технолог Әселхан Сыдық сертификатталған кәсіпорындарда кезекті айлық тексеріс жұмыстарын өткізді. Бүгінгі шара барысында, өңірдегі ірі фаст-фуд желілердің бірі – «Gippo» кәсіпорны мен «Назик и К» жартылай дайын өнімдер дайындаушы цех өндірісі қадағаланды.
Тексеріс барысында, «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының орындалуы мен қадағалануы басты назарға алынды. Қорытынды актіге сәйкес, кәсіпорындарға ескертулер беріліп, алдағы уақытта бақылау шаралары қайта орындалатыны жеткізілді.