«GOLDEN SWEETS» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Жамбыл облысындағы «Golden sweets» кондитерлік өнімдері сертификатталды. Жергілікті жауапты маманымыз Аблайхан Кәріпбаев кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Кондитерлік кәсіпорын мұқият тексеріс пен бірқатар лабораториялық зерттеуді қажет ететін халал саласындағы күрделі бағыттардың бірі. Себебі, өнім әзірлеуде қосылатын түрлі дәмдеуіштер, әрлегіш құралдар, бояғыштар көп. Соған қарамастан, «Golden sweets» кондитерлік кәсіпорны «Халал Даму» жүргізген аудит қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетіп, «QMDB Halal» сертификатына ие болып отыр. Кәсіптеріңізге береке тілейміз, халал өнімді тұтынушылар көп болсын!», – деген өкіліміз кәсіпорын өкіліне ізгі тілегін білдіріп, екіжақты жұмыс мұнымен тоқтамайтынын жеткізді.
«Golden sweets» кәсіпорнына берілген халал сертификаты 02.02.2024-01.02.2025 жж мерзімі аралығында бір жылға жарамды.