Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 наурыз 2023

67

Жаңалықтар

"ХАЛАЛ ДАМУ" ДИРЕКТОРЫ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! 

 

Рамазан – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Ұлы жаратушының пенделеріне теңдесіз сыйы – қасиетті Рамазан. Рамазан сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптелетін, рухани құндылықтар көрініс табатын, бірлік пен ынтымақты нығайтатын жақсылық айы. Жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан.

Сізді және кәсіпорын қызметкерлерін сағына күткен қасиетті Рамазан айының басталуымен шын ықыласпен құттықтаймын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Маңдай тер мен терең білімдеріңізді сарп ете отырып, халал индустриясының дамуына жұмсаған үлестеріңізге Жаратқан Иеміз мол сауаптан жазсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта берсін!

Ораза қабыл болсын. Әмин!



Құрметпен, 

«Халал Даму» 

 директоры Аташев 


Бөлісу: