Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 наурыз 2022

37

Жаңалықтар

«Халал Даму» директоры «Shalqar» радиосында

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Shalqar» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында отандық халал индустриясы,  «Халал Даму» мекемесінің стандарттау және сертификаттау бағыт-бағдарымен, жетістік, ерекшеліктерімен таныстырып,  тыңдарман сұрақтарына жауап берді. 

«Кейінгі кезде елімізде халал өнімге сұраныс артып келеді. Сол себепті халал мен харамды айқындау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды. Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Осы жолда, әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылуда. Біз әлі де даму үстіндеміз, дамуымызды тоқтатпаймыз. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырамыз деп сенемін» – деді А.Асқарбекұлы өз сұхбатында.

Бөлісу: