Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қаңтар 2023

100

Жаңалықтар

«Халал Даму» мамандарының жиыны өтті.

Бүгін, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы мен облыстық жергілікті инспектор-контролердың кезекті онлайн жиналысы өтті.

Басқосуда «Халал Дамудың» 2023 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталып, жұмыс барысы талқыланып, өңірлік өкілдердің есептері мен 2022 жылғы жасалған жұмыстарға шолу жасалынды. Алдағы уақытта атқарылатын шаралар жоспары таныстырылды. Мамандардың білімін жетілдіру, ақпараттық үгіт-насихат шараларын арттыру, «ҚМДБ халал» кәсіпорындар көлемін ұлғайту, қасапхана мен қасапшылар жұмысын біріздендіру, «ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланушыларға қатысты құқық қорғау жұмыстарын қаталдандыру мәселелері талқыланды.

Айбек Асқарбекұлы: «Халық игілігі үшін, асыл дініміздің жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге Алла разы болсын! Отандық халал индустриясының дамуы сіз бен біз секілді дін жанашырларының ерең еңбегін талап етеді. Осы уақытқа дейін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде 1350-дей компания «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс жасап келеді. 2023 жылы 478 кәсіпорынды жаңадан сертификаттаудан өткізіп, 110 қасапшыға арнайы куәлік берді. Халықаралық бағытта жасалған жұмыстар бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктеріне «QMDB HALAL» сертификатымен 10 мың тоннаға жуық халал өнім экспортталуда. Астанада халал индустриясындағы ең үздік «HALAL EXPO-2022» көрмесі халықаралық дәрежеде өтті. Дегенмен де, күнделікті тұтынатын өнім түрелерін арттыру, алыс-жақын өңірлердегі «ҚМДБ халал» азық-түлік тапшылығын шешу мақсатында, әлі де болса біраз тер төгуімізге тура келеді.»


Бөлісу: