Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 тамыз 2024

638

Жаңалықтар

«ХАЛАЛ ДАМУ» ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНАН БАҒАЛАУДАН ӨТУДЕ

ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» ұйымы сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығынан (ҰАО) аккредитациядан өтуде.

Ұлттық аккредиттеу орталығының сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің бағалаушысы, аккредиттеу тобының басшысы Құттыбаев Бағлан Сәрсенбайұлы, аккредиттеу департаментінің басшысы, бақылаушы ретінде Есенжулова Анар Бекетқызы және «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының қатысуымен аккредиттеу жұмыстарының алғашқы күні екі жақтың мамандарының жиынымен басталды.

«Халал бойынша аккредиттеу – Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі. Бұл өнімнің немесе қызметтің жан-жақты зерттелгеніне және халал талаптарына сәйкес келетініне мемлекет тарапынан берілген кепілдік. Осы арқылы халал саласындағы жаңа бағыттарды дамыта отырып, мамандар біліктілігін арттыру, сертификаттаудың жаңа схемаларын енгізу, ел аумағында халал саласын жүйелеу секілді мүмкіндіктерге жол ашылады», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Айта кетейік, аккредиттеу жұмыстары сертификатталған кәсіпорындарда аудит жүргізу, мекеменің ішкі құжат жүргізу процессімен танысу, мамандар білімін бағалалу секілді бірнеше кезеңдерден тұратындықтан аккредиттеу нәтижесі алдағы уақытта хабарланады.


Бөлісу: