Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 қыркүйек 2022

65

Жаңалықтар

«Халал Даму» мамандары біліктілікті арттыру семинарына қатысуда

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ашылған «QMDB Halal» оқыту орталығында «Халал Даму» мамандары «Тағам өнімдері қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі» атты үш күндік оқу-семинарына қатысуда. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұылының төрағалымен өткізілген семинарда «Қазақ стандарттау және метрология институтының» техникалық реттеу және менеджмент жүйесі мен сәйкестікті бағалау саласының маманы Айтмұхан Айтқожаұлы дәріс оқуда.

«Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, мамандардың білімін жетілдіру – кәсіпорын қызметін жандандыруда аса қажет. Осы орайда, екі жақты келіссөз негізінде «Қазстандарт» ұйымының тәлімгерлігімен бірлескен оқу-семинар шараларын ұйымдастыру қолға алынды. Мамандар «ҚР техникалық реттеу заңнамасы негіздері», «СТ ҚР ISO 22000-2009 негізінде тағам өнімдерін өндірушілерге қойылатын талаптар», «ХАСПП негізіндегі тағам өнімдері мен қауіпсіздік жүйесі», «Тағам өнімдеріне қойылатын техникалық регламент талаптары» бойынша дәріс тыңдайды. Семинар соңында мамандарға арнайы сертификат табысталатын болады», – деген Айбек Асқарбекұлы мамандардың білімі мен біліктігін арттыру мақсатында түрлі оқу-семинарларын өткізу, отандық және шет елдік кәсіпорындарда тәжірибелік шараларды ұйымдастыру «Халал Дамудың» дәстүріне айналғандығын жеткізді.

Бөлісу: