Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 қыркүйек 2021

46

Жаңалықтар

"ХАЛАЛ ДАМУ" МАМАНДАРЫ SMIIC СЕМИНАРЫНДА

Бүгін, "Халал Даму" мамандарына Түркиялық SMIIC (Ислам мемлекеттері үшін стандарттау және сертификаттау институты) ұйымының ұйымдастырған біліктілікті арттыру оқу-семинары өткізілді. Семинарға "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы-технолог Айжан Омарова, сарапшы-технолог Жанар Сапорова қатысты. 

"Жаһандану заманында қызметкерлердің біліктілігін арттыру, маманның кәсіби өрлеуі – кәсіпорын қызметін жандандыруда аса қажет. Осы орайда, екі жақты келіссіөз негізінде SMIIC ұйымының тәлімгерлігімен бірлескен оқу-семинар шараларын ұйымдастыру қолға алынды. Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, оқытудың онлайн форматында Түркиялық әріптестер өткізген біліктілікті арттыру оқу-семинары 40 сағатқа, яғни, бір аптаға созылады. Бір апта көлемінде біздің мамандарымыз SMIIC ұйымының OIC/SMIIC 1:2019 "Халал тағамға қойылатын жалпы талаптар" және 2:2019 "Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар. Сәйкестіктің бағалануы" стандарттары бойынша дәріс тыңдайды. Семинар соңында мамандарға "Эксперт аудитор" сертификаты табысталатын болады", – деген Айбек Асқарбекұлы бұл отандық халал индустриясының дамуы мен өркендеуі, халал стандарттау және сертификаттау саласының жандануы үшін жасалып маңызды қадамдардың бірі екендігін жеткізді.

Бөлісу: