Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 сәуір 2022

45

Жаңалықтар

«Халал Даму» өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді

Облыстық «Халал Даму» өкілдерінің ұйымдастыруымен Рамазан айы қарсаңында еліміздің әр өңірінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысы өкілі Нұрмаджан Миразизов пен «Исмаилов» және «Назармухамедов» шұжық цехтары 17 отбасына азық-түлік өнімдерін таратса, Қостанайдағы өкіл Алишер Балахмет пен «Terra Meat» қасапханасы 17 отбасыға 20 000 мың теңгенің «Рамазан сыйы» сертификатын табыстады. Сонымен қатар, Талдықорған өңірі бойынша жауапты өкіл Мұхаммед Ордыбай жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ауыз бекіткен жандарға ауызашар қоржынын таратты.

«Ізгілікті жанына серік еткен исі мұсылманның игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау. Зекет, садақа, қайырымдылық арқылы халық тұрмысы түзеледі, кәсіпкер кәсібі дамиды. Себебі, Алла ризалығы үшін жасалған әрбір садақа – береке кілті. Рамазан айында Алланың мейірімі мен саубынан үміт ете отырып, игі іске ат салысқан кәсіпкерлерге Алла разы болғай», – дейді жергілікті өкілдер.

Бөлісу: