Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 мамыр 2022

156

Жаңалықтар

«Халал Даму» Сарыағаш медресе колледжінде

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, "Сарыағаш медресе колледжінде «Халал – шариғат талабы» кітабының таныстырылымы әрі оқу-семинар өткізілді.

«Халал Дамудың» жергілікті өкілі Сарыбаев Қазбектің төрағалығымен өткізілген жиынға  медресе ұстаздары мен 700 шәкірт қатысты.

Оқу-семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Сарыбаев Қазбек: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндіре келіп, шариғатқа сай мал союдың үкімі турасында толық ақпарат берді.

Сонымен қатар, технолог Аруана Аралбай қыздар бөліміне халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.

Семинар соңында, медресе шәкірттері мен оқу орнының кітапхана қорына «Халал –шариғат талабы» сыйға тартылды.

Бөлісу: