"Халал Даму" ұжымының наиб муфтимен жиналысы өтті
ҚМДБ төраға орынбасары, наиб муфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы "Халал Даму" ұжымымен күн тәртібіне сәйкес жиналыс өткізді. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Жиында жүргізілген жұмыстардың есептік көрсеткіштері, заңсыз пайдаланушыларға қатысты қолданылатын шаралар, құжат жүргізу тәртіптерін қадағалану, тексеру жұмыстарын тұрақты қадағалау оларды назардан тыс қалдырмау мәселелері қозғалды.
Ершат Ағыбайұлы: «Халал – тәннің саулығы, жанның азығы, шариғаттың талабы. Халал өндірісінің дамуы мен адал өнімге деген ел сұранысының артуы отандық халал нарығының бәсекеге қабілетінің көрінісі.«Халал Даму» еліміздегі жан-жақты кәсіби мамандарды біріктірген, діни басқарманың басты бағыты бойынша жұмыс жасайтын мекеме.»– дей келе, халалды дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.