10 тамыз 2022

260

Жаңалықтар

"Халал Дамумен" келісімшарты тоқтатылған кәсіпорындар

"Халал Даму" мен "Fresh beef", "Бес қара", "Бекбота Ет", "Ибраев", "ТЛЦ Jolaman" кәсіпорындары арасындағы келісімшарт мерзімінің аяқталуы және қайта жаңартудан бас тартуына байланысты, аталған кәсіпорындарға берілген «QMDB Halal»  сертификаты өз күшін жойғандығын хабарлаймыз. 

Көрсетілген мерзімнен бастап, аталған кәсіпорындарға «QMDB Halal» таңбасын қолданбау талап етілді.

Талап орындалмаған жағдайда, заңсыз пайдаланушы ретінде тиісті құқық қорғау мекемелеріне талап-арыз берілетіндігін хабарлаймыз! Сонымен қатар, біздің бақылауымыздан шығарылуына байланысты жоғарыдағы кәсіпорын өнімдерінің халалдығына «Халал Даму» жауап бермейтіндігін ескертеміз!

Бөлісу: