Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қазан 2021

43

Жаңалықтар

"HALAL EXPO-2021" КӨРМЕСІ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткізіліп жатқан халықаралық «Halal EXPO-2021» көрмесі аясында халал сертификаттаушы органдар мен  кәсіпорындардың жиыны өткізілді. Халал индустриясына ықпал етуші негізгі алаңдардың бірі саналатын шараға Қырғызстан өкілі Токтагазы Уулу Бактияр мен Ресейлік әріптес Садыков Самат мырза қатысып, халал индустриясы, кәсіпкерлік пен экспортты дамыту, халал стандарттау және сертификаттау мәселелерін талқылады. 

"Халал  – ел экономикасы мен Ислам әлемі үшін маңызды бағыттардың бірі десек қателеспейміз. Діннің негізі құлшылықтың өзегін "халал" құрайды.  Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық эконо­ми­калық қатынастарды нығайту, халал индустриясын қолдау мақсатында «HALAL EXPO 2021» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашады деп сенеміз", – деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификаттау және стандарттауға қатысты өзекті мәселерді қозғап, қатысушылар назарына ұсынды. 

Семинар соңында, Айбек Асқарбекұлы қазақы әдеп бойынша шет қонақтарға сый-құрмет көрсетіп: "Алла осында басып келген әрбір қадамдарыңызға сауаптан жазып, қызметтеріңізді берекелі қылғай! Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «... Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді» деген. Осынау игі іске үлес қосып, асыл дініміздің шынайы жанашыры болып, бірлесе қызмет атқарып, бауырластығымыз мен рухани байланысымызды нығайта түскен Сіздерге Алла екі дүние жақсылығын нәсіп еткей!", – деді.

Айта кетейік, шет елдік және отандық үздік халал кәсіпорындардың қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық көрме 12-ші қазанға дейін жалғасады.


Бөлісу: