Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қазан 2022

80

Жаңалықтар

«Halal EXPO-2022» көрмесі аясында семинар

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы, «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткізіліп жатқан халықаралық «Halal EXPO-2022» көрмесі аясында кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді. Халал индустриясына ықпал етуші негізгі алаңдардың бірі саналатын шараға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, «Зекет» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев және өзге технолог мамандар қатысып,  халал кәсіпкерлік пен адал сауда, халал стандарттау және сертификаттау мәселелерін талқылады.

«Халал  – ел экономикасы мен Ислам әлемі үшін маңызды бағыттардың бірі десек қателеспейміз. Діннің негізі құлшылықтың өзегін «халал» құрайды.  Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық эконо­ми­калық қатынастарды нығайту, халал индустриясын қолдау мақсатында «HALAL EXPO 2022» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашады деп сенеміз», – деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификаттау және стандарттауға қатысты өзекті мәселерді қозғап, қатысушылар назарына ұсынды. Сонымен қатар,  өзге де мамандар халал жөнінде кеңінен ақпарат беріп,  кәсіпкерлер сұрақтарына жауап берді. 

Айта кетейік, шет елдік және отандық халал кәсіпорындардың қатысуымен ұйымдастырылып жатқан халықаралық көрме 20-шы қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу: